Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді

Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді

Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен қатысуымен «Қауіпсіз жағалау» профилактикалық акциясы өткізілді.

Іс-шара барысында азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтау, шомылу кезінде сақтық шараларын қабылдау, балаларды қараусыз қалдырмау, сондай-ақ судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Аталған іс-шара халықтың судағы қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, төтенше жағдайлардың алдын алуға, азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеруге және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ақмола облысының прокуратурасы