Атбасар ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеді

Атбасар ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеді

Атбасар ауданының прокуратурасы мемлекеттік қаражаттың тиімді жұмсалуына қатысты бюджет заңнамасының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында Құрылыс бөлімі аудан орталығындағы субұрқақты қайта жаңғырту жұмыстарына 170 млн теңгеден астам сомаға шарт жасағаны анықталды.

Жобалық-сметалық құжаттаманы зерделеу кезінде оған оң қорытындының екі жылдан астам уақыт бұрын берілгені белгілі болды.Алайда талдау жүргізілген сәтте аталған жобаны іске асыруға бюджет қаражаты бөлінбеген.

Сонымен қатар, мердігер ұйым бұған дейін сот шешімімен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған.

 Прокуратураның қадағалау актісі негізінде аталған мемлекеттік сатып алу рәсімі күшін жойды. Бұл бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеуге мүмкіндік берді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ақмола облысының прокуратурасы