Ақмола облысының прокуратурасы инвесторға картоп өсіруге арналған жер учаскелерінен ауыртпалықтарды алып тастауға көмектесті

Ақмола облысының прокуратурасы инвесторға картоп өсіруге арналған жер учаскелерінен ауыртпалықтарды алып тастауға көмектесті

Біржан сал ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп «Макинка-2015» ЖШС-нің құқықтарын қорғады.

Компания картоп өсіру және көкөніс сақтау қоймасын салу жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 800 млн теңгені құрайды және жаңа жұмыс орындарын ашуды көздейді.

Инвестор жалға алынған жер учаскелерінен ауыртпалықтарды алып тастау мәселесін уақтылы шешпеген жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органның әрекетсіздігіне байланысты қадағалау органына жүгінген.

Тексеру барысында бұрын берілген нұсқаманың бақылаудан алынғанына қарамастан, ведомствоның тіркеуші органға қажетті мәліметтерді уақытылы жолдамағаны анықталды. Бұл өз кезегінде рәсімдердің негізсіз созылуына әкеліп, кәсіпкердің құқықтарын шектеген.

Прокуратураның жазбаша талап ету актісі бойынша жер учаскелеріне қойылған барлық ауыртпалықтар алынып тасталып, инвестордың құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Инвестициялық жобаны сүйемелдеу аясында Биржан сал ауданының прокуроры «Макинка-2015» ЖШС-нің басшылығымен көшпелі кездесу өткізіп, жобаны іске асырудың келесі кезеңдері мен ағымдағы әкімшілік мәселелерді талқылады.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың жолын кесу ерекше бақылауда екенін еске саламыз.

Ақмола облысының прокуратурасы ескертеді: егер сіз инвестор болсаңыз және әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарыңыздың бұзылуына тап болсаңыз, 8 (705) 129-11-40 нөміріне немесе 115 Call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз.

Ақмола облысының прокуратурасы