Зеренді ауданының аумағында спорттық марафон өткізілді

Зеренді ауданының аумағында спорттық марафон өткізілді

Облыстық Полиция департаменті аудандық полиция бөлімімен және прокуратурамен бірлесіп, аудан аумағында «Алаяқтыққа жол ЖОҚ» және «Есірткіге жол жоқ» атты спорттық іс-шара ұйымдастырды.

Аталған марафонға аудан тұрғындары мен жастар белсене қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ аудан тұрғындарының алаяқтықтың және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Ақмола облысының прокуратурасы