Ақмола облысының прокуратурасында басшылық лауазымдарға тағайындалған қызметкерлер құттықталды

Ақмола облысының прокуратурасында басшылық лауазымдарға тағайындалған қызметкерлер құттықталды

Бүгін облыс прокуратурасының ұжымы салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ҚСжАЕАЖК төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Серікжан Қуанышбекұлы Мырзалыны, Ақмола облысы бойынша ҚСжАЕАК Департаментінің басшысы Серік Қазақстанұлы Ілиясовты, сондай-ақ Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалған Маралбек Ақылбекұлы Ешімовті құттықтады.

Іс-шара барысында Серікжан Мырзалы ұжымға Ақмола облысы бойынша ҚСжАЕАК Департаментінің жаңа басшысы Серік Ілиясовты таныстырды.

Облыс прокуроры Руфат Құттықов тағайындалған басшылардың жоғары кәсібилігін, көпжылдық тәжірибесін және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, әріптестеріне қызметтік міндеттерін абыроймен атқарып, алға қойған мақсаттарына жетулеріне, жаңа кәсіби жетістіктерге жетулеріне, мықты денсаулық пен отбасылық амандық тіледі.

Іс-шара әріптестердің жылы лебіздері мен ақжарма тілектеріне ұласты.

Ақмола облысының прокуратурасы