Құқықтық ағарту аясында Степногорск қаласының прокуратурасы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған көрсетілімдік сот процесін ұйымдастырды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында қала прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 346-бабының 1-бөлігімен көзделген нақты қылмыстық іс негізінде сот процесін ұйымдастырды.
Процесс барысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері «М.» есімді сотталушыға қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысты. Сот талқылауының қорытындысы бойынша ол бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, мас күйінде мотоцикл басқарғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот үкімімен оған бір жыл бас бостандығынан айыру жазасы және өмір бойына көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аталған іс-шара көліктегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жастардың құқықтық санасының деңгейін арттыруға бағытталған.
Қала прокуратурасы өскелең ұрпақ арасында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ағартушылық іс-шараларды өткізуді жалғастырады.
Ақмола облысының прокуратурасы