Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен «Altan Group 2021» ЖШС түзеу мекемесі аумағында күнбағыс және зығыр майын өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлауда (толық циклді өндіріс, жобаның құны 822 млн теңгеден асады).
Жоба аясында құны 430 млн теңге болатын жабдық сатып алынып, орнатылды. Қазіргі уақытта шетелдік мамандардың қатысуымен іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 150-ге дейін сотталған адам жұмыспен қамтылып, тұрақты еңбекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, олар кәсіби дағдыларды меңгеріп, бостандыққа шығар алдындағы әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыруға мүмкіндік алады.
Сонымен бірге, «Altan Group 2021» ЖШС түзеу мекемесінде жалға алынған 1 385 шаршы метр өндірістік алаңда мал азықтық дақылдар өндірумен (94 млн теңгеден астам инвестиция) және ағаш өңдеумен (24 млн теңгеден астам инвестиция) айналысуда. Аталған өндірістерде 120-дан астам сотталған жұмыспен қамтылған.
Олар тұрақты жалақымен және қалыпты жұмыс кестесімен қамтамасыз етілген.
Ақмола облысының прокуратурасы