Ерейментау ауданының прокуратурасымен алимент өндіру бойынша жұмыс жүргізілуде

Ерейментау ауданының прокуратурасымен алимент өндіру бойынша жұмыс жүргізілуде

Ерейментау ауданының прокуратурасымен кәмелетке толмаған балалардың пайдасына алимент өндіру бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде.

Осылайша, прокуратураның бастамасы негізінде жеке сот орындаушымен бірлесе отырып, аудан аумағында алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындаудан ұзақ уақыт жалтарып жүрген борышкерлерге қатысты рейдтік іс-шара өткізілді.

Іс-шара нәтижесінде, борышкерлерден кәмелетке толмаған балалардың пайдасына 3,3 млн теңге сомасында берешек өндірілді.

Алимент бойынша берешегін өтеуден өрескел жалтарып жүрген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған орай, борышкерлерді  алимент бойынша берешектерін уақытылы өтеуге шақырамыз және алимент төлеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін ҚР ҚК-нің 139-бабына және ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеміз.

Ақмола облысының прокуратурасы