«Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Бурабай ауданының прокуратурасы құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сотталған азаматтармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда туындайтын жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақмола облысының прокуратурасы