Степногорск қаласының прокуратурасымен ағымдағы жылы 386 млн теңге сомасында бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді

Степногорск қаласының прокуратурасымен ағымдағы жылы 386 млн теңге сомасында бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді

Степногорск қаласының әкімдігімен қаланы қысқы және жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын қалыптастыру және жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының бұзушылықтарына жол берілген.

Атап айтқанда, бұзушылықтар сметалық құнның негізсіз ұлғайтылуына, артық және экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдерінің енгізілуіне, сондай-ақ заңнамаға сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптардың белгіленуіне байланысты.

Қадағалау шараларымен жалпы сомасы 1,1 млрд теңгені құрайтын 9 мемлекеттік сатып алу күші жойылды. Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалатын 386 млн теңге көлеміндегі шығындар алып тасталды, бұл мемлекеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Жіберілген заңдылық бұзушылықтары үшін қала әкімінің орынбасары және мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуы тұрақты бақылауда.

                                     Ақмола облысының прокуратурасы