Әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуын мониторингтеу аясында Сандықтау ауданының прокуроры Алмас Жақсыбеков аудан әкімі Серік Құдабаймен бірлесіп, су тасқыны кезеңінде зақымдалған Каменка ауылындағы автомобиль көпірін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерге барды.
Автомобиль көпірі төрт елді мекеннің аудан орталығымен көлік қатынасын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, мониторингпен осы ауылдағы бір ауысымда 25 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары да қамтылды.
Аталған жобаны іске асыру Каменка ауылы мен соған жақын маңдағы елді мекендер тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттырады.
Мердігер ұйымдарға жұмыстардың орындалу сапасын, соның ішінде жобалық құжаттама талаптары мен құрылыс нормаларын сақтау арқылы қамтамасыз ету, сондай-ақ нысандарды пайдалануға уақтылы беру ұсынылды.
Ақмола облысының прокуратурасы