Астрахан ауданының прокуратурасы Балаларды қорғау күніне орай профилактикалық рейд өткізді

Астрахан ауданының прокуратурасы Балаларды қорғау күніне орай профилактикалық рейд өткізді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні аясында Астрахан ауданының прокуратурасы аудандық полиция бөлімімен бірлесіп профилактикалық рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жазғы демалыс кезеңінде балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.

Рейд барысында прокуратура және полиция қызметкерлері балалар мен олардың ата-аналарына жол қозғалысы қауіпсіздігі қағидаларын сақтау, көшеде, қоғамдық орындарда және демалыс орындарында қауіпсіз жүріп-тұру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығы, оларды қараусыз қалдырмау, су айдындары мен жол бойындағы қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Ақмола облысының прокуратурасы