Қауіпсіз демалыс – бақытты балалық шақ!

Қауіпсіз демалыс – бақытты балалық шақ!

Жазғы демалыс – балалардың тынығып, жаңа әсер алып, бос уақытын пайдалы өткізетін кезеңі. Алайда балалардың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда болуы тиіс.

Біржан сал аудан прокуратурасы ата-аналарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауға, олардың бос уақытын бақылауға және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын үнемі түсіндіріп отыруға шақырады.

Балалардың қауіпсіздігіне бірлесіп көңіл бөлу арқылы ғана жазғы демалысты қауіпсіз, ал балалық шақты бақытты әрі жарқын ете аламыз.

Ақмола облысының прокуратурасы