Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 мекемесінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Ашық есік күні өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың отбасылық байланыстарын нығайту, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты сақтау және жақындарымен қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету болды.
Аршалы ауданы прокуратурасының қолдауымен балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, оның барысында жас қонақтарға сыйлықтар табысталды. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балалар мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.
Прокуратура Акмолинской области