Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен медицина қызметкерлеріне 8,8 млн теңге көлемінде еңбек демалысына төленетін төлемақылар өндірілді

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен медицина қызметкерлеріне 8,8 млн теңге көлемінде еңбек демалысына төленетін төлемақылар өндірілді

Целиноград ауданы прокуратурасымен еңбек заңнамасы саласында жүргізілген тексеру барысында «Целиноград аудандық емханасы» ШЖҚ МКК-нің 31 қызметкері алдында 8,8 млн теңге көлемінде еңбек демалысына төленетін төлемақы бойынша берешек анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған берешек толық көлемде өтеліп кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 31 медицина қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Ақмола облысының прокуратурасы