Прокурорлардың азаматтарды жеке қабылдауы қадағалау қызметінің маңызды әрі елеулі бағыттарының бірі болып табылады.
Осылайша, Егіндікөл ауданында аудан прокуроры Азамат Аяғановтың жеке қабылдауына ауыл тұрғыны банктік шоттарының жеке сот орындаушысымен бұғатталуы мәселесі бойынша жүгінді.
Анықталғандай, қолданылған шектеу шаралары нәтижесінде оның кәмелетке толмаған қызының да банктік шоты бұғатталып, соның салдарынан бала мектеп асханасындағы тамақтану ақысын төлеу мүмкіндігінен айырылған.
Прокурор жедел шаралар қабылдап, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді, кәмелетке толмаған баланың шотындағы шектеулер алынып тасталды.
Бұзылған құқықтар қалпына келтірілуіне байланысты өтініш беруші облыс прокурорының атына алғыс хат жолдады.
Прокурорлардың жеке қабылдаулары азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді, өйткені мұндай жағдайда адам тікелей жүгініп, нақты құқықтық көмек ала алады.
Ақмола облысының прокуратурасы