Ақмола облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Ақмола облысы прокурорының орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 10 қарашадағы бұйрығымен Руслан Райханов Ақмола облысы прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Руслан Жоламанұлы Райханов 1978 жылы дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы бастаған.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Аппарат басшысының орынбасары, Қызылорда, Атырау облыстары прокурорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қылмыстық құдалау қызметі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

Сыныптық шені – аға әділет кеңесшісі.

 

Ақмола облысының прокуратурасы