Ерейментау аудандық прокуратурасы «Рецидивтің алдын алу» аясында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді

Ерейментау аудандық прокуратурасы «Рецидивтің алдын алу» аясында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді

20-22 мамыр 2026 жыл аралығында заң мен тәртіп қағидасын ұстанып «Рецидивтің алдын алу» жобасы және «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ерейментау аудандық прокуратурасы аудандық полиция бөлімінің ҚҚБ, мобильді топ және пробация қызметкерлерімен бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша түнгі уақытта тексеру жұмыстарын жүргізді.

 Рейдтік іс-шара барысында есептегі тұлғалардың тұрмыс жағдайы, тіркелген мекенжайда болуы, сондай-ақ сотпен белгіленген шектеулерді сақтау талаптары тексерілді.
  Сонымен қатар, есептегі тұлғалармен қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында профилактикалық және түсіндіру әңгімелері жүргізілді.

  Қабылданып жатқан бірлескен шаралар профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Алдағы уақытта да құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есептегі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылатын болады.

Ақмола облысының прокуратурасы