Степногорск қаласының прокуратурасы пробация қызметі және полициямен бірлесіп пробациялық бақылауда тұрған адамдарды тексеруді жүргізуде

Степногорск қаласының прокуратурасы пробация қызметі және полициямен бірлесіп пробациялық бақылауда тұрған адамдарды тексеруді жүргізуде

Қала прокуратурасы пробация қызметімен және учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Қайталама қылмыстың алдын алу» жобасы шеңберінде пробациялық бақылауда тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты негізде тексерулер жүргізілуде.

Іс-шаралар барысында олардың тұрмыс жағдайлары, тіркеу мекенжайы бойынша тұруы, сондай-ақ сот жүктеген міндеттерді орындалуы тексеріледі.

Сонымен қатар, есепте тұрған тұлғалармен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеу және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түсіндіру және профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда және қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы