Сандықтау ауданында «Рецидивтің алдын алу» бойынша рейдтік іс-шаралар өтті

Сандықтау ауданында «Рецидивтің алдын алу»  бойынша рейдтік іс-шаралар өтті

«Рецидивтің алдын алу» және республикалық «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сандықтау ауданының прокуратура және пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдардың сот үкімдерін тиісінше орындауын тексеру мақсатында, соның ішінде түнгі уақытта рейдтік іс-шаралар өткізді.

Атап айтқанда, сотталғандардың сотпен белгіленген шектеулерді сақтауына баса назар аударылды.

Сонымен қатар, сотталғандармен профилактикалық әңгімесулер жүргізілді.

Ақмола облысының прокуратурасы