Ерейментау ауданының прокуратурасымен оқушыларға арналған «Прокурор сағаты» өткізілді

Ерейментау ауданының прокуратурасымен оқушыларға арналған «Прокурор сағаты» өткізілді

Ерейментау ауданының прокуратурасымен оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сана деңгейін арттыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен балалар жарақаттануының алдын алуға бағытталған «Прокурор сағаты» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара Ерейментау ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесе отырып, №2 Төлеу Шаханов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларына өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері, жазғы демалыс уақытысында құқық бұзушылықтарға жол бермеу, өрт қауіпсіздігі ережерлері түсіндіріліп, сондай-ақ төтенше жағдайлар орын алған жағдайда қабылданатын шаралар туралы ескертілді.

Сонымен қатар, оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 18 мамырдағы №79 нормативтік қаулысының талаптары түсіндірілді.

Іс-шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Ақмола облысының  прокуратурасы