Қосшы қаласында «Жетістік жолы — Қосшымен бірге!» салтанатты кеші өтті

Қосшы қаласында «Жетістік жолы — Қосшымен бірге!» салтанатты кеші өтті

Қосшы қаласының 5 жылдығын мерекелеу аясында қала әкімдігі, прокуратура және білім бөлімі бірлесіп «Жетістік жолы — Қосшымен бірге!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты — білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан педагогтарды құрметтеу, дарынды оқушыларды қолдау, сондай-ақ жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің маңыздылығын арттыру.

Салтанатты кеш барысында білім беру ісіне зор үлес қосқан үздік педагогтар, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда жоғары жетістіктерге қол жеткізген талантты оқушылар, сондай-ақ мектеп өміріне белсене қатысып, білім саласына қолдау көрсетіп жүрген ата-аналар марапатталды.

Қосшы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, білім беру ұйымдарында қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

Ақмола облысының прокуратурасы