Бурабай ауданының прокуратурасы инвесторлардың қатысуымен олардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді жою мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кездесу барысында инвесторлар жер учаскелерімен, тексерулермен, сондай-ақ өзге де әкімшілік рәсімдермен байланысты проблемалық мәселелерді атап өтті. Әрбір айтылған мәселе оларды шешудің нақты тетіктерін әзірлеумен егжей-тегжейлі қаралды.
Аудан прокуратурасы бизнес үшін жасанды кедергілер жасауға жол бермеу және қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Кеңес қорытындысы бойынша жауапты қызметкерлерге тиісті тапсырмалар берілді, олардың орындалуы бақылауға алынды.
Инвесторлар мен бизнес субъектілерінде проблемалық мәселелер болған жағдайда, Сіз аудан прокуратурасына +7 (708) 486-28-01 нөмірі бойынша жүгіне аласыз.
Ақмола облысының прокуратурасы