Астрахан ауданының прокуратурасы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Астрахан ауданының прокуратурасы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты нормативтік қаулылары бойынша.

Іс-шараға аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, аудан тұрғындары және АҚ «АРЭК» Астрахан аудандық электр желісі қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 20 қаңтардағы №61-НҚ және 2025 жылғы 30 қаңтардағы №64-НҚ нормативтік қаулыларының талаптары түсіндірілді.

Атап айтқанда, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, жер пайдалану құқығын іске асыру, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, дропперлік, интернет-алаяқтық қылмыстары, еңбек заңнамасының сақталуы және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Шараға 100-ден астам адам қатысты. Зейнеткерлік жастағы азаматтарға интернет-алаяқтықтың кең таралған тәсілдері, банк карталарын үшінші тұлғаларға берудің құқықтық салдары, сондай-ақ жеке деректердің қауіпсіздігін сақтау шаралары түсіндірілді.

Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауаптар беріліп, өзекті құқықтық мәселелер талқыланды.

Ақмола облысының прокуратурасы