«Жас Ұрпақ» қатарына қабылдау: Шортанды ауданында оқушыларға арналған салтанатты іс-шара өтті

«Жас Ұрпақ» қатарына қабылдау: Шортанды ауданында оқушыларға арналған салтанатты іс-шара өтті

Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен және Шортанды ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудан аумағында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігіне қабылдауға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға прокуратура, полиция және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жобаның мақсаты — өмірлік құндылықтарды, үлкен буынға құрметті, патриотизмді және әдеп нормаларын сақтауды тәрбиелеу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Ақмола облысының прокуратурасы