Мереке қарсаңында Бурабай ауданы прокуратурасының қызметкерлері прокуратура органы ардагері Ашибаев Рахимжан Кошербаевичті арнайы құттықтап, оның көпжылдық адал еңбегі, қызметке деген беріктігі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Мұндай кездесулер – өмірін мемлекет пен қоғамға қызмет етуге арнаған жандарға көрсетілетін құрметтің белгісі. Прокуратура ардагерлерінің өмір жолы жас қызметкерлер үшін кәсібиліктің, жауапкершіліктің және Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі болып табылады.
Аудан прокуратурасы аға буынның ерлігі мен жанқиярлық еңбегін әрдайым құрметтеп, патриотизм, әділдік және қызметке деген адалдық құндылықтарын кейінгі ұрпаққа насихаттауды жалғастырады.
Ақмола облысының прокуратурасы