9 Мамыр – Жеңіс күніне орай Қосшы кала прокуратурасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Бұл тағылымды шара – ел үшін жанын қиған қаһармандардың ерлігіне деген зор құрмет пен тағзымның айқын көрінісі.
Прокуратура ұжымы бейбіт өмір мен жарқын болашақ үшін күрескен ардагерлердің жанқиярлығын әрдайым жоғары бағалайды. Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын, отансүйгіштік пен елдік рухтың символы.
Батырлар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Ақмола облысының прокуратурасы