Біржан сал ауданы прокуратурасының қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлері аудан басшылығымен, ардагерлермен, мемлекеттік органдар өкілдерімен және аудан тұрғындарымен бірге Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары мен гүлдер қойды.
Іс-шараға прокуратура саласындағы көпжылдық қызметін арнаған прокуратура органының ардагері Омаров Серік Баржақсынұлы да қатысты.
Қатысушылар майдангерлердің ерлігіне тағзым етіп, олардың жарқын рухын бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ақмола облысының прокуратурасы