9 мамыр күні Астрахан ауданында Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара аясында мемориалға гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылып, аудан прокуратурасының қызметкерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, ардагерлер мен аудан тұрғындары қатысты.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.
Жеңіс күніне арналған іс-шаралар өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи жадымызды сақтау және ардагерлердің ерлігіне тағзым ету мақсатында ұйымдастырылды.
Ақмола облысының прокуратурасы