Көкшетауда Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етілді

Көкшетауда Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етілді

Көкшетау қаласында Жеңіс күніне орай Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағылымды шараға облыс прокуроры Руфат Құттықов, ардагерлер, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, әскери қызметшілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

 Қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларын бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Рәсім майдангерлердің ерлігіне тағзым етудің, ұрпақтар сабақтастығы мен тарихи жадыны сақтаудағы бірліктің белгісіне айналды.

Жеңіс буынының батылдығы мен жанқиярлығы ел жадында мәңгі сақталады.

Ақмола облысының прокуратурасы