
Аудан прокуратурасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан аумағындағы мейрамханалар, кафелер мен сауда үйлерінде рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Іс-шара прокуратура, полиция және төтенше жағдайлар органдары қызметкерлерінің бірлесуімен ұйымдастырылды.
Рейд барысында қоғамдық тамақтану орындарындағы өрт және техникалық қауіпсіздік талаптарының сақталуы, эвакуациялық шығу жолдарының қолжетімділігі, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруіне қатысты заңнама талаптарының орындалуы зерделенді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне қауіпсіздік талаптарын сақтау, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсынымдар айтылды.
Астрахан ауданының прокуратурасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда.
Ақмола облысының прокуратурасы