Біржан сал ауданының прокуратураcы патриоттық әндер байқауын өткізді

Біржан сал ауданының прокуратураcы патриоттық әндер байқауын өткізді

Біржан сал ауданының прокуратурасы мемлекеттік мерекелер – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында «Елім менің» атты патриоттық әндер байқауын ұйымдастырды.

Іс-шара Степняк қаласында, Біржан сал атындағы балалар музыка мектебінің базасында аудандық білім бөлімі мен ауылдық округтердегі мектеп оқушыларының қатысуымен өткізілді.

Негізгі мақсат – өскелең ұрпаққа патриоттық сезімді қалыптастыру, ел тарихына және оның қорғаушыларына құрмет көрсету, сондай-ақ жастардың шығармашылық әлеуетін дамыту болды.

Байқау барысында қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілікті, оның тарихы мен мәдени мұрасын дәріптейтін патриоттық шығармаларды орындады.

Іс-шара қорытындысы бойынша аудан прокуроры жеңімпаздар мен қатысушыларға грамоталар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табыстады.

Байқау ұрпақтар сабақтастығы мен Отанға деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісіне айналып, қатысушыларды ортақ патриоттық идея төңірегінде біріктірді.

Ақмола облысының прокуратурасы