
Бүгін Отан қорғаушылар күніне орай мінсіз қызметі мен жоғары кәсібилігімен ерекшеленген құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдердің қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында оқушыларды «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің қатарына қабылдау рәсімі де ұйымдастырылды.
«Жас Ұрпақ» бірлестігінің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеу, заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу. Қазіргі таңда бірлестік еліміздің 20 өңірінен 8 мыңнан астам қатысушыны біріктіреді.
Аталған бастама жастар арасында азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді және заңға құрметті нығайтуға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы