
2026 жылғы 5 мамырда аудан прокуратурасы аудан прокуроры Н.А. Ережеповтың төрағалығымен Құқық қорғау органдары, жергілікті атқарушы органдар және уәкілетті қызметтер өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.
Кеңес барысында қылмыстың жай-күйі мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың өзекті мәселелері қаралды. Қоғамдық орындарда, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды.
Жеке блокта пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасында қайта қылмыстың алдын алу мәселелері, сондай-ақ азаптау фактілеріне жол бермеу және құқық қорғау органдарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, аудандағы жедел-саяси жағдай талқыланды.
Сонымен қатар, кеңеске қатысушылар есірткі қылмысы мен алаяқтыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірледі.
Кеңес қорытындысы бойынша аудан аумағында ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға және құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған нақты міндеттер мен тапсырмалар айқындалды.
Ақмола облысының прокуратурасы