Буланды ауданында профилактикалық жұмыс жүргізілді

Буланды ауданында профилактикалық жұмыс жүргізілді

Буланды ауданының Макинск қаласында аудандық мәдениет үйінде жастар арасында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға 350 адам қатысты.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға прокуратура, мемлекеттік органдар, білім беру мекемелерінің өкілдері және оқушылар қатысты. Сонымен қатар, форум қонақтары ретінде:

  • Дәурен Сейтжан – ҚР Мәдениет саласының үздігі, эстрада жұлдызы;
  • Нұрлыбек Берікбайұлы Жулекенов – ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі ансамблінің әншісі қатысып, жастармен өз тәжірибелерімен бөлісті.

Қорытындысы бойынша профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде нақты ұсыныстар әзірленді.

Түсіндіру жұмыстары аясында жасөспірімдерге құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жеткізілді.

 Ақмола облысының прокуратурасы