Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Ақмола облысында  интернет-алаяқтықтың жолы кесілді

Облыс прокуратурасы «Қазахтелеком» АҚ және Полиция департаментінің «Cyberpol» қызметкерлерімен бірге өзара ынтымақтастық шеңберінде интернет-алаяқтық фактісінің жолы кесілді.

77 жастағы Державинск қаласының тұрғыны және оның 53 жастағы ұлы алаяқтың «құрбанына» айнала жаздады. Алдаушы, өзін медицина қызметкері ретінде таныстырып, медициналық тексеру жүргізу сылтауымен, SMS арқылы келген растау кодтарын иемденген.

Фишингтік қоңыраулар жедел топпен дер кезінде тоқтатылды. Жедел әрі үйлесімді әрекеттердің арқасында зейнеткер әйел мен оның ұлының жинақтары сақталып, алаяқтық фактісінің жолы кесілді.

Жалпы, 4 ай ішінде облыс бойынша 232 тұрғын алаяқтардың құрбанына айналып, келтірілген шығын 554 млн теңгеден асты.

Тұрғындарды сақ болуға және алаяқтардың айла-тәсілдеріне алданбауға шақырамыз.

                                                      Ақмола облысының прокуратурасы