
Бүгін облыс прокуроры Руфат Құттықов Полиция департаментінде «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидаты аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.
Іс-шараға Полиция департаментінің басшылығы, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің бастықтары, сондай-ақ прокурорлар қатысты.
2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша өңірде қылмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеу 37,5%-ға төмендегені атап өтілді (1600-ден 999-ға дейін).
Атап айтқанда, төмендегендер саны:
Сонымен қатар жекелеген қылмыс түрлері бойынша өсім байқалғаны да атап өтілді.
Кеңесте құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеу сапасы талқыланды.
Облыс прокуроры құқық бұзушылықтардың алдын алу тек қылмыс жасалғаннан кейін формалды әрекет етумен шектелмей, тәуекелдерді дер кезінде анықтауға және құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептерді жоюға негізделуі тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ құқық қорғау органдарының, профилактика субъектілерінің және қоғамның күш-жігерін біріктіру қажеттілігі ерекше айтылды.
Қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық, интернет-алаяқтық, нашақорлық, маскүнемдік, мал ұрлығы және көшедегі қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру міндеттері қойылды.
Кеңес қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті одан әрі нығайтуға және «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа Заңды ескере отырып тиімділікті арттыруға бағытталған бірлескен шаралар кешені әзірленді.
Ақмола облысының прокуратурасы