Астрахан ауданының прокуратурасы инвесторлармен кездесу өткізді

Астрахан ауданының прокуратурасы инвесторлармен  кездесу өткізді

Астрахан ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвесторлармен кезекті кездесу өткізді.

Аталған іс шара аясында «Aina Resources» ЖШС және «Azam KС» ЖШС инвесторларымен ашық диалог ұйымдастырылып, олардың жүзеге асырып жатқан жобаларының барысымен танысу жүргізілді.

Кездесу барысында, инвесторлар тарапынан туындаған мәселелер мен ұсыныстар жан-жақты талқыланып, олардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.

Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын әкімшілік кедергілерді болдырмау, инженерлік инфрақұрылымға қосылу, рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Астрахан ауданының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау және олардың қызметіне кедергі келтіретін факторларды жою бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыруда.

 Ақмола облысының прокуратурасы