
Біржан сал ауданының прокуроры «Жас Ұрпақ» жастар қозғалысының қатарына аудан оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Аталған шара Степняк қаласындағы №2 Жалпы білім беретін мектепте өтіп, өскелең ұрпақты қолдауға, жастар арасында патриоттық рухты, білімге ұмтылысты және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталды.
Жобаның басты мақсаты – қоғам мен мемлекеттің дамуына үлес қоса алатын саналы, білімді әрі жауапты жастарды тәрбиелеу.
Іс-шара барысында ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, қорытындысында оқушылардың қатысуымен мерекелік концерт өткізілді.
«Жас Ұрпақ» жобасы алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастырады, белсенді жастардың басын қосып, олардың бастамаларын қолдай отыра, Қазақстанның жаңа буынының жан-жақты дамуына жағдай жасайтын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы