Көкшетау прокуратурасы оқушыларға «Прокурор сағатын» өткізді

Көкшетау прокуратурасы оқушыларға «Прокурор сағатын» өткізді

Көкшетау қаласының прокуратурасы өскелең ұрпақтың құқықтық тәрбиесін жүзеге асыру бағдарламалары аясында № 22 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Іс-шара ашық диалог форматында — «Прокурор сағаты» түрінде өтті. Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жасөспірімдерде өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Кездесу барысында оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттері жан-жақты түсіндіріліп, қауіпті құқықтық жағдайлардың қатысушысы немесе құрбаны болып қалмаудың жолдарына ерекше назар аударылды.

Ақмола облысының прокуратурасы