Біржан сал ауданының прокуратурасы төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, Степняк қаласындағы №1 және №2 жалпы білім беретін мектептердің 10-сынып оқушыларымен «Прокурор сағаты» акциясын өткізді.
Іс-шара барысында прокуратура және төтенше жағдайлар бөлімі өкілдері өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кездегі мінез-құлық қағидалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушылар үшін төтенше жағдайларды жою кезінде қолданылатын арнайы техника мен жабдықтардың көрсетілімі ұйымдастырылып, олардың мақсаты мен қолдану тәртібі түсіндірілді.
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сананы қалыптастыру және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ 2024 жылғы 3 желтоқсандағы №54 Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының «Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының 65-бабының 1-тармағы мен «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 10-бабының 5-2-тармағын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы» нормативтік қаулысының талаптары түсіндірілді.
Осындай іс-шараларды өткізу ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етіп, жастардың құқықтық ағартылуына бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы