Степногорск қаласы прокуратурасының қадағалау шаралары арқылы қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

Степногорск қаласы прокуратурасының қадағалау шаралары арқылы қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді

Степногорск қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасының талаптарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау барысында жұмыс берушілер тарапынан қызметкерлердің құқықтарының бұзылуына жол берілгені анықталды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 87-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлерге әлеуметтік демалыстар беруге міндетті. Оларға скринингтік зерттеулерден өтуге арналған демалыс, жүктілік бойынша медициналық есепке тұруға арналған демалыс, жүктілікке және босануға байланысты демалыс, жаңа туған баланы асырап алуға (қыз бала асырап алуға) байланысты демалыс, сондай-ақ оқу демалыстары жатады.

Алайда, заң талаптарына қарамастан, жасалған еңбек шарттарында, оның ішінде ұжымдық шарттарда аталған әлеуметтік кепілдіктер көзделмеген. Соның салдарынан 2 298 қала тұрғынының конституциялық құқықтары бұзылған.

Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Еске саламыз, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады және тұрақты бақылауда.

Ақмола облысының прокуратурасы