Шортанды ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі шеңберінде және әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру аясында әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға көмек көрсетті.
Аудан прокуратурасының бастамасымен аталған отбасыларға азық-түлік жиынтықтары түрінде атаулы көмек көрсетілді.
Аталған жұмыс уәкілетті мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырылды.
Аудан прокуратурасы алдағы уақытта да азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын қорғау және оларға қажетті көмек көрсету мәселелеріне ерекше назар аударатын болады.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және Шортанды ауданы прокуратурасының бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы