
Көкшетау қаласының прокуратурасы «Zhastarmen» жобасы аясында Полиция басқармасымен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі заттары заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Аталған іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болған фактілері анықталып, олар бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.
Ақмола облысының прокуратурасы