Қосшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қалалық қоғамдық-мәдени спорт кешенінде нашақорлық пен есірткінің зияны, оның қоғамға төндіретін қаупі туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған тағылымды іс-шара өтті. Аталған шара аясында «Ақжелкен» студенттер театры «Зардап» атты әсерлі қойылымын көрермен назарына ұсынды.
Нашақорлық – қоғамға зор қауіп төндіретін ауыр індет екені қойылым барысында терең әрі шынайы жеткізілді. Сахналық көріністер арқылы есірткінің адам тағдырына, отбасы мен қоғамға тигізер зардабы жан-жақты бейнеленді.
Қойылым көрермендерге, әсіресе жасөспірімдерге үлкен ой салып, тағылымды әсер қалдырды. Қосшы қаласының жастарының театр өнеріне деген жоғары қызығушылығы залдың лық толуымен дәлелденеді.
Ақмола облысының прокуратурасы