
Ақмола облысының прокуратурасы Әділет департаментімен бірлесіп, Полиция департаменті, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, сондай-ақ мемлекеттік органдар, адвокатура, нотариат және жеке сот орындаушыларының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқытушылар құрамы мен курсанттарына арналған «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді. Конституциялық соттың № 27 және № 38 нормативтік қаулыларының нормалары түсіндірілді.
Акция барысында Академияның 100-ден астам оқытушылары мен курсанттарына полиция өкілі интернет-алаяқтардың қылмыстық тәсілдерінен өздерін және жақындарын қалай қорғау керектігі туралы ақпарат берді.
Сондай-ақ алимент өндіру, банк шоттарынан тыйымды алып тастау мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсетіліп, азамат интернет-алаяқтықтың құрбаны болған жағдайда полицияға жүгіну тәртібі түсіндірілді.
Мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері азаматтарға цифрлық көмекші (чат-бот) арқылы заң көмегін алу мүмкіндігі, сондай-ақ кешенді әлеуметтік және мемлекет кепілдік берген заң көмегін алу тәртібі мен мүмкіндіктерін түсіндірді.
Ақмола облысының прокуратурасы