Қала прокуратурасы Полиция басқармасымен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде есірткі заттары заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Аталған іс-шаралар барысында түнгі уақытта (22:00–6:00) балалардың ата-анасының қадағалаусыз ойын-сауық мекемелерінде болу фактілері анықталды. Балалар анықталып, заңды өкілдеріне қайтарылды.
Кәмелетке толмағандардың ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша жауапқа тартылды, айыппұл мөлшері 3 АЕК құрайды. Ал балалардың ата-анасының қадағалаусыз болуына мүмкіндік берген ойын-сауық мекемелері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша жауапқа тартылды: жеке тұлғалар — 10 АЕК, шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар — 15 АЕК, орта бизнес — 30 АЕК, ірі бизнес — 50 АЕК.
Өткізілетін іс-шаралардың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың құқықтарын қорғау және заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру.
Ақмола облысының прокуратурасы