Степногорск қаласының прокуратурасы банк реквизиттерін берудің жауаптылығын түсіндіреді

Степногорск қаласының прокуратурасы банк реквизиттерін берудің жауаптылығын түсіндіреді

2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске 232-1-бап енгізілгенін түсіндіреді. Аталған бап өз банктік шотына қол жеткізуді заңсыз беру және сыйақы үшін заңсыз ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін жауапкершілікті көздейді.

Осы баптың ескертпесіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, оны ерікті түрде хабарлап, қылмысты ашуға жәрдемдескен тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Мәселен, Степногорск қаласының Полиция басқармасы азаматша «Б»-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Ол тез табыс табу мақсатында өзінің банктік шоттарының реквизиттерін беріп, ақша қаражаттарын түрлі шоттарға аударып отырған. Бұл үшін оған 80 000 теңге көлемінде сыйақы төленген.

Өз әрекеттерінің заңсыз екенін түсінген азаматша полицияға ерікті түрде жүгініп, қылмысты ашуға ықпал еткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның әрекетіне өкінуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

Прокуратура ескертеді: банктік карталар мен реквизиттерді үшінші тұлғаларға беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Заң талаптарын сақтаңыздар және қылмыстық схемаларға қатыспаңыздар.

 Ақмола облысының прокуратурасы