2026 жылғы 5 наурызда аршалы аудандық сотында Аршалы кентіндегі агротехникалық колледж студенттеріне арналған көрсетілімдік сот процесі өткізілді.
Кәмелетке толмаған «С» – ға қатысты қылмымтық істі қарау барысында ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109-1-бабы 1-бөлігі 4), 5) тармақтары бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігіне сәйкес жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылды.
Көрсетілімдік сот процесі кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеу және білім алушылар арасында заңға бағынушылық мінез-құлықты қалыптастыру мақсатында өткізілді.
Сонымен қатар, сот актісі жарияланғаннан кейін іс бойынша төрағалық етуші жастармен кәсіби әңгіме өткізіп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы