
Жарқайын ауданының прокуратурасы жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесін және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Прокурор сағатын» өткізді.
«Прокурор сағатының» негізгі тақырыбы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын талқылау болды. Прокурор еліміздің жаңартылған Негізгі Заңының негізгі қағидаларын егжей-тегжейлі түсіндіріп, адам құқықтарын қорғау жүйесін күшейтуге, Конституциялық Кеңестің өкілеттіктеріне, азаматтардың құқықтары мен жастардың міндеттеріне назар салды.
«Конституцияны білу – азаматтық жауапкершіліктің негізі. Жастар өз құқықтарын ғана білуі емес, сонымен қатар оларды қазіргі құқықтық кеңістікте жүзеге асыру механизмдерін түсінуі маңызды», - деп атап өтілді дәріс барысында.
Іс-шара тікелей әңгімелесу форматында өтті. Оқушылар мен педагогикалық ұжым құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі, заңнамадағы жаңалықтар, кәсіби бағдар беру және прокуратура органдарындағы қызмет туралы сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Прокурор түскен барлық сұрақтарға мысалдар келтіре отырып, толық жауап берді.
Ақмола облысының прокуратурасы